Тақырып
15.
Экономикалық
өсу.
1.Экономикалық
өсудің түсінігі,
оларды өлшеу.
2.Экономикалық
өсудің
типтері және
факторлары.
Әрбір
елдің үкіметінің
ұзақ
мерзімді
экономикалық
саясатының
маңызды мақсаттарының
бірі, ол,
экономикалық
өсуге
ынталандыру,
оның өсу қарқынын
тұрақтандыру
және
оптималды деңгейде
болуын қолдау.
Сол үшін
экономикалық
өсу
дегеніміз не?
Қандай өлшемдермен
өлшенді
деген ұғымдарды
анықтауымыз
керек.
Ұлттық
өнім әрбір
елдің
экономикасында
тек қана өндірілмейді,
өндірістік және
өндірістік
емес тұтынған
билігі қайтадан
жасалады. Қазіргі
нарықтық
экономикада ұзақ
мерзімде ұлттық
өнімнің ұдайы
өндірісі ұлғаймалы
болады. Мұндай
болатын
себебі ағымдағы
кезеңдегі өндірілген
өнім өткен
кезеңдегі
пайдаланғаннан
көп болады.
Сондықтан, ұлғаймалы
ұдайы өндіріс
динамикасы
экономикалық
өсуді
сипаттайды.
Сонымен,
экономикалық
өсу
дегеніміз
белгілі бір
уақытқа (бір
жыл) нақты ЖІӨ
(немесе ЖҰӨ) көлемінің
салыстырмалы
өзгеруі.
Экономикада
потенциалды
және нақты ЖҰӨ-ді
ажырата білу
керек.
Потенциалды
ЖҰӨ барлық қолдағы
бар
ресурстарды
пайдалану, ал
нақты ЖҰӨ - қолдағы
бар
ресурстардың
бір бөлігін
пайдалану.
Осы тұрғыда
(мағынада) нақты
немесе
шынайы, өнім
шығару барлық
уақытта
потенциалды
ЖҰӨ төмен
болады, яғни өндіріс
мүмкіншілігінен
төмен.
Экономикалық
өсу қарқыны
нақты ЖҰӨ-нің
өсім қарқынымен
пайыз мәнерінде
есептелінеді,
әдетте бір
жылға, тоқсанға,
айға. ЖҰӨ өсімінің
қарқыны қарастырылып
(рассматриваемый)
отырған кезеңдегі
нақты ЖҰӨ мен
өткен кезеңнің
айырымының өткен
кезеңдегі нақты
ЖҰӨ-ге қатынасымен
анықталады: ![]()
Мұнда:
- қарастырылып
отырған кезеңдегі
нақты ЖҰӨ көлемі;
- өткен
кезеңдегі нақты
ЖҰӨ көлемі.
Экономикалық
өсу
динамикалық
жиынтық көрсеткіш
және елдің
экономикасының
жағдайын
біртұтас уақыт
бойынша (ай,
тоқсан, жыл)
сипаттайды.
Аталған көрсеткішті
экономиканың
жеке
секторларын,
салаларды,
тіптен жеке кәсіпорындарды
сипаттау үшін
пайдалануға
болады. Мұндай
жағдайда
сала немесе кәспорын
өндірісінің
көлемінің өсім
қарқынын
есептейді,
ол, көрсеткіш
«саланың,
сектордың
немесе жеке
тауар өндірісінің
өсуі» деп
аталады.
Экономикалық
өсудің көрсеткіші
барлық уақытта
оң (дұрыс) жағдайда
бола
бермейді.
Статистикалық
мағлұматтарда
экономикалық
өсудің нөлдік
(нулевые) және
теріс (отрицательный)
өсу қарқынын
кездестіреміз.
Егер қарастырылып
отырған кезеңде
жиынтық өнімнің
ұдайы өндірісінің
көлемі өткен
кезеңдегі көлеммен
бірдей болса,
онда, нөлдік
экономикалық
өсу. Ал, егер
экономика дағдарыс
жағдайында
болып, ұлттық
өнімнің ұдайы
өндірісі
толық емес,
жартылай
немесе бір бөлігі
ғана өндірілсе,
ол,
экономикалық
теріс
(отрицательный)
өсу болады.
Біздің
елімізде 1990-1996
жылдары
осындай жағдай
болды.
Әрине,
нақты ЖҰӨ
(немесе ЖІӨ) көрсеткіші
экономикалық
өсудің қарқынын
таза көрсетеді
деп айту қиын.
Мысалы,
елдегі адам
санының өсу қарқыны
нақты ЖҰӨ
артық өсіп
отырса,
немесе екі көрсеткіш
те бірдей өскенде
(жалпы саны), әр
адамға шаққанда
жиынтық өнім
төмен болса, қалай
экономика қарқынды
өсті деп айта
аламыз. Сондықтан
басқа көрсеткіштерді
қолдануымыз
керек.
Экономикалық
өсуді өлшеудің
үш әдісі бар:
1.
Нақты
ЖҰӨ-нің
белгілі бір
уақытта (жыл)
көбеюі;
2.
Нақты
ЖҰӨ-ді жеке
адам басына
шаққанда көбеюі;
3.
ЖҰӨ-нің
жылдық өсу қарқынының
пайызы.
Экономикалық
өсу - әл-ауқаттылық
деңгейінің
жоғарылауының
негізгі
шешуші
факторы.
Осының нәтижесінде
игіліктерді
тұтынуды жоғарылатуға,
жұмыс
апталарын қысқартуға
т.с.с. мүмкіншілік
жасалады.
Экономистердің
тұжырымдауынша,
экономика
жылына 2,5%-ға
өскенде, нақты
ЖҰӨ әр 28 жылда
екі есеге өседі,
ал егер 3%-ға
өскенде - әр 24
жылда нақты ЖҰӨ
екі
еселенеді.
Сондықтан,
экономикалық
өсу – қоғамдық
өндірістің
мақсаты
ретінде бағаланады.
Экономикалық өсудің үш типі бар: экстенсивті, интенсивті және аралас (нақты).
Экстенсивті
өсу – ол ұлттық
өнімді өндіріс
факторларын қосымша
іске қосу
(санын көбейту)
арқылы көбейту.
Мысалы: бидай
өндіруді қосымша
егетін жер көлемін
көбейту арқылы
өсіру, т.с.с.
Интенсивті
өсу – ол ұлттық
өнімді
техниканы және
технологиялық
әдістері
жетілдірудің
нәтижесінде
көбейту.
Мысалы: бидай
өндіруді агротехникалық,
иррагациялық
шараларды қолданып,
жердің құнарлылығын
көтеріп, әр
Нақты
тіршілікте (өмірде)
аталған
типтердің
біреуін жеке
дара қолдану
мүмкін емес,
олар
араласып
кетеді,
бір-бірімен
тығыз
байланыста.
Сондықтан,
аралас тип те
қолданылады.
Аралас
(нақты) өсу
– ол ұлттық өнімді,
пайдаланылып
жүрген өндіріс
факторларының
санын көбейту
арқылы, өндіріс
қуаттылығын
арттыру және
техника мен
технологияны
жетілдіру арқылы
көбейту.
Экономикалық
өсу көптеген
факторлардың
әсерімен анықталады.
Олар ұсыным және
сұраным
факторлары
болып
топтастырылады.
І. Ұсыным
факторларына:
1)
еңбек
ресурстарының
сандық және
сапалық өсуі;
2)
негізгі
капиталдың көлемінің
өсуі;
3)
жаңа
техника және
технология;
4)
басқару
жүйесіндегі
жаңалықтар;
5)
табиғи
ресурстарды
дамыту,
жетілдіру
(разработка).
ІІ. Сұраным
факторларына:
1)
бағалық;
2)
бағалық
емес.
Қысқаша
әрбір
факторларды қарастырайық.
1.
Еңбек
ресурстарының
сандық және
сапалық өсуінің
әсері.
Экономикалық
өсу немесе нақты
ЖҰӨ-нің өсуі
еңбек шығынының
мөлшері мен
оның сапасына
тәуелді.
Себебі олар еңбек
өнімділігінің
жоғарылауына
әкеп соғады.
Еңбек
шығыны сан жағынан
өндірістегі
адам санына және
жұмыс
аптасының ұзақтығына
тәуелді. Жұмыс
аптасы құқықтық
және
институционалдық
факторлар
мен ұжымдық
келісім-шартпен
анықталады.
Ал жұмысбастылық
(занятость)
адамдар саны
мен өндірістегі
нақты жұмысшылар
санына тәуелді.
Екінші
фактор
экономикалық
өсуге жағдай
жасайды,
себебі, егер
еңбекке қабілетті
жастағы
адамдар саны
көбейсе,
адамдардың еңбекке
деген қатынасы
өзгереді.
Еңбек
сапасы
тікелей
білімге,
кадрлардың
дайындығына
және қайта
дайындығына,
кәсіби
біліктілігіне
тәуелді.
Сондықтан,
білімділікті
және кәсіби
дайындықты
дамыту еңбек өнімділігін
арттыруға үлкен
көмегін
тигізеді.
Дамыған
елдердегі
экономикалық
талдауға қарағанда
еңбек шығынының
көбеюі
шамамен нақты
табыстың қарқынының
1/3 бөлігін
береді екен,
ал қалған қарқынның
2/3 бөлігін еңбек
өнімділігінің
жоғарылауы қамтамасыз
етеді екен.
Қорыта
айтқанда,
адам
капиталына
салынған
инвестиция –
экономикалық
өсудің маңызды
шарты.
2.
Негізгі
капиталдың көлемінің
өсуі. Негізгі
капиталдың көлемі
экономикалық
өсу
динамикасының
шешуші, анықтаушы
факторы.
Негізгі
капиталдың көлемін
ұлғайту үшін
инвестицияның
ЖҰӨ-дегі үлесін
өсіру қажет.
Экономикалық
өсудің кей уақыттарда
төмендеуі
немесе қысқаруының
себептерінің
бірі
инвестицияның
жетіспеушілігі.
Капиталды
өндіріске
салғанда
ажырата білу
керек:
капиталдың өсуі
«көлденең»
немесе «терең
бе».
Капиталдың
«көлденең» өсуі
шаруашылық
айналымында
капитал көбейгенмен
еңбек өнімділігін
көтермейді.
Капиталдың
«терең» өсуі
– еңбек өнімділігінің
артуының нәтижесінде
өндіріс
тиімділігі өседі.
Оның себебі өндірісте
біліктілігі
жоғары жұмыс
күшін жалдаған,
жаңа техника
және
технологияны
қолданған, жаңа
менеджменттер
қызмет
жасайды т.с.с.
3.
Техникалық
прогресс (жаңа)
техника және
технология.
Техникалық
прогресс
экономикалық
өсудің өте маңызды
факторы.
Техникалық
ойлап табуды өндірісте
қолданудың
жылдамдығы күрделі
техниканың
бағасы мен жұмысшылардың
жалақысының
(олардың еңбегі
капиталды
алмастырады) қатынасына
тәуелді. Дамыған
елдерде соңғы
50 жылда жалақы
техниканың мүліктену
(приобретение)
шығынымен
салыстырғанда
тезірек өсіп
отыр. Демек, кәсіпорын
еңбекті
капиталмен
ауыстырды,
соның нәтижесінде
көп
салаларда
техникалық
прогресстің қарқыны
тездеді.
4.
Басқару
жүйесіндегі
жаңалықтар.
Техникалық
прогресс тек
техниканы ғана
жетілдірмейді,
сонымен қатар,
өндірісті ұйымдастыруға,
басқаруға да
жаңалықтар
енгізеді.
Себебі, ол,
ресурстарды
түпкі өнімді
көбейту мақсатымен
жаңаша
комбинациялау
қажеттіліктері
туындайды.
5.
Табиғи
ресурстарды
дамыту,
жетілдіру
(разработка)
экономикалық
өсудің маңызды
позитивті
факторы.
Мысалы: Қазақстан
мұнайы
экономиканың
өсуіне үлкен
жағдайлар
жасап жатыр
т.с.с.
Қорыта
айтқанда,
экономикалық
өсуде жеке
мына фактор көп
әсер етеді
немесе басқалары
онша әсерлі
емес деп айту
қиын. Барлық
жоғарыдағы
факторлардың
бәрі бірігіп
экономикалық
өсуді қамтамасыз
етеді және бұл
факторларға
сұраныс
факторлары
да үлкен әсерін
тигізеді.
ІІ. Сұраныс
факторлары:
1.
Бағалық
факторлар
экономикалық
өсуге бағаның
сұранысқа
байланысты өзгеруі
арқылы әсер
етеді.
2.
Бағалық
емес
факторлар, өндірілілген
өнімге қоғамдағы
жиынтық сұраныстың
жоғарылауына
ынталандырып,
экономикалық
өсуге жағдайлар
жасайтын
факторлар:
-
жалақы
көтерілген
сайын сұраныс
жоғарылайды
немесе
керісінше;
-
мемлекеттің
фискалды
саясаты –
салық жоғары
болғанда,
жалақы мен өсу
төмендейді
немесе
керісінше.
Экономикалық
өсуге әсер
ететін
факторлармен
қатар, оны
тежейтін де
факторлар
бар. Оларға
жататындар:
1.
Кәсіпкерліктің
іс-әрекетінің
тиімділігін
арттыру үшін құқықтық
қамтамасыз
ету немесе заң
шығару
базасы
жетілдіру.
Мысалы: салық
салу заңдарындағы
қарама-қайшылық
үнемі
айтыста
болып келеді.
2.
Ауыл-шаруашылық
өндірісіндегі
ауа-райының қолайсыздығы.
3.
Еңбекке
ынтасыз, ұқыпсыз
қатынастар
мен
шаруашылық қылмыстар.
Экономикалық
өсу үлгілері
жоғарыдағы
аталған
факторларға
тәуелділігіне
байланысты.
Экономикалық
әдебиетте әртүрлі
үлгілерді ұсынады.
Олар:
Ч.Коббо-П.
Дуглас үлгісі,
Р.Солоу үлгісі,
А. Тинберген үлгісі,
Рой Ф.
Хоррод-Е.
Домар үлгісі.
Жоғарыда
келтірілген
экономикалық
өсу үлгілерін
екі топқа бөлуге
болады: көпфакторлы
және қосфакторлы
үлгі.
Көпфакторлы
үлгіде
экономикалық
өсуге барлық
жоғарыдағы
аталған
факторлар әсер
етеді, сондықтан,
өзара іс-әркеттері
өндіріс мүмкіншілігінің
қисығын
береді.
Факторлардың
тіркестігі өндірілген
өнім
варианттарының
санына әсер
ететінін көрсетеді.
Ұсыныс
факторларының
қай-қайсысының
әсерінің күшеюі
өндіріс мүмкіншілігінің
оң жаққа ығыстырады
(1-сурет).

Қосфакторлы
үлгі тек еңбек
пен
капиталдың өсуге
тигізетін әсерін
қарастырады.
Американ
экономисі
Денисонның
болжамы
бойынша өнім өсімінің
2/3 бөлігі еңбек
(капитал) өнімділігінің
артуының нәтижесінде,
ал 1/3 бөлігі еңбек
шығынының өсуінің
есебінен
алынады екен.
Қосфакторлы
үлгінің екі
варианты бар:
бірінші
вариантына ғылыми-техникалық
прогресстің әсері
есептелмейді,
ал екінші
вариынтына ғылыми-техникалық
прогресстің (ҒТП)
әсері
есептелінеді.
Егер
ҒТП қатыспағанда
капиталдың тұрақты
қорлануы түпкі
өнімділікті
төмендетуге,
сонымен
экономикалық
өсуді бәсеңдетуге
соқтырады. Ал
егер ҒТП қолданған
жағдайда
капитал мен еңбек
өнімді
болады.
Себебі ҒТП
инвестицияны
өсреді.
Инвестиция
экономикалық
өсуге әртүрлі
әсерін
тигізеді.
Бірінші жағдайда
еңбек шығыны үнемдеуге
және
капиталдың көбеюіне
әкеледі, бұл
жағдайды – еңбексақтағыш
(трудосберегающий)
атайды.
Екінші – инвестиция
капитал ұсынымын
еңбекке қарағанда
көп қысқартады,
оны
капиталсақтағыш
(капиталосберегающий)
деп атайды. Үшінші
– еңбек пен
капиталды теңдей
үнемдеу
инвестициясын
– бейтарап (қалыс)
деп атайды.
Жалпы
алғанда
экономикалық
өсуді
ынталандыру
саясатының
тиімділігін
арттыруда төмендегі
принциптерге
сай нақты баға
беру қажет.
Жоғарғы қарқынға
(темп) өндірістің
жоғарғы деңгейі
тән, бұл жағдай
тек өтпелі
кезеңге қажет.
Экономика қалыпты
жұмыс тәртібінде
істеп жатқан
кезде өсудің
жоғарғы қарқынын
сақтап қалуды
мақсат ету
керек. Бұл
кезеңдегі
экономикалық
саясаттың мақсаты
бірқалыпты,
орташа қарқынды
ұстап отыруға,
қарқынды тұрақтандыруға
бағытталуы
керек,. Осы мақсатқа
жету үшін оның
тәсілдерін
ауыстыру:
экономикалық
өсуде сыртқы
факторлардың
белсенділігін
арттырудан
ішкі
факторларға
(жиынтық сұраныс
және жиынтық ұсыныс)
ауыстыру қажет.
Осыған сәйкес
жоғарыдағы
мақсатқа
жетудің
негізгі құралдары
ретінде
ынталандырушы
несие және
бюджет-салық
саясаттарын
пайдалану, жұмысбастылық
деңгейіне әсер
ету, қор
жинау мен
инвестицияның
арасындағы
тепе-теңдікті
қолдау қажет.
Сұрақтар:
1.Экономикалық
өсу: мәні, мақсаттары,
типтері.
2.Экономикалық
өсу
моделдері.
Әдебиеттер:
1.
Экономикалық
теория
негіздері: Оқулық
/ Я.Ә. Әубәкіров
және т.б.
Алматы
«Санат» 1998 ж.
2.
Мәдешев
Б. Нарықтық
экономика
теориясына
кіріспе: Оқу құралы.
Алматы:
Экономика, 1995.
3.
Райымқұлұлы
С.
Экономикалық
теория
негіздері.
Шымкент, ОҚМУ,
2005 ж.